Аймақтар
2 мин оқу 374

Қауіпсіздік шаралары қажет

<p style="text-align: justify;">Көктемгі су тасқынына дайындық &ndash; жергілікті билік пен төтеншеліктердің жылдағы дағдысы. 2020 жылдың көктемін зардапсыз өткізу үшін жақында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысын өткізді.</p>

Қауіпсіздік шаралары қажет

Биылғы қыс ерекше. Облыстың біраз ауданында қар жоқ. Әдетте қар­лы болып келетін өңірлерде де жа­уын-шашын деңгейі төменірек болды. Ақпан айының басында табиғат тосын мінез көрсетіп, жаңбыр жауды. Орал қаласында, кейбір елді мекендерде еріген су жиналып, тұрғындарға қауіп төндірді.

– Су тасқынын болдырмау мақса­тын­да елді мекендерде қар шығару және су сору жұмысы жүргізілуде. Шыға­рылған қардың көлемі 112 мың текше метрден асады, еріген қар суы – 3477 текше метр. Қазіргі таң­да көктемгі маусымға 240 тонна жанар-жағармай, 89 мың дана қапшық, 19 мың тонна инертті материал­дар қоры дайындалды. Қосымша қа­жет материалдық және техникалық ресурстарды сатып алу бойынша жұ­­мыс жүргізілуде. Бізге әлі 51 тонна жанар-жағармай, 40 мыңға жуық қап керек, – деп мәлімдеді облыстың би­ы­­лғы су тасқыны жағдайы туралы баян­­­дама жасаған облыстық төтенше жағ­дайлар департаментінің бастығы ге­не­­рал-майор Жасұлан Жұмашев.

Комиссия отырысында Орал қа­ла­сы, Қазталов, Теректі, Бәйте­рек аудан­дарының әкімдері өз аума­ғын­дағы жағдай туралы баяндап, ұсы­ныс­та­рын енгізді. Сондай-ақ облыстық комиссия мүшелері су тасқынының алдын ала болжамын, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін, облыстық және республикалық жолдардың жай-күйін, жем-шөп саны мен оларды қыстауға дейін жеткізу мәселелерін баяндады.

Әрине табиғат құбылыстарына барынша дайын отыру керек. Мұхтар Манкеев су тасқынын апатсыз өткізумен бірге су қоймаларына қа­жет­­ті мөлшерде су жинап алу да өте ма­ңызды екенін еске салды.

Биылғы қыс Батыс Қазақстан үшін қарсыз, жайлырақ болғанын айттық. Көктем ерте шықса, алдымен дала өзен­дерінің арнасы толады. Мәселен, қара­төбелік төтеншеліктер аудан аума­ғындағы Қалдығайты, Жақсыбай, Жар­лы өзендері тасыған жағдайда ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін тексеруде. Тасқын кезінде қатынассыз қалатын елді мекендердің азық-түлік қорын жасақтау, өзен арнала­рын биіктету, кей осал жерлерді кү­шей­ту үшін әр ауылдық округте тұр­ғын үйлердің қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету мақсатында дайындық жұ­мыс­тары жүріп жатыр. Қысылтаяң жағ­дай­да қажетті қайықтар, құтқару кеу­де­ше­ле­рі, мотопомпалар дайын.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қауіпсіздік шаралары қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар