Қоғам
1 мин оқу 530

Қар тазалау қарқынды жүргізілді

<p>Бас қалаға биыл қар әдеттегіден өте көп жауды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астанаға темір жолмен қажетті жүк және жанармай жеткізу тұрақты қамтамасыз етілді.</p>

Қар тазалау қарқынды жүргізілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы объектілердің үздіксіз жұмыс істеуіне кірме жолдардың қар­дан уақытылы тазартылып отыруы септігін тигізді. Кірме жолдар – жергілікті теміржол инфрақұрылымының басты құрамы болып табылады.

«Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның ақпараты бойынша осы күндері тек астанада ға­на кірме жолдарды қардан тазалау барысында 20 мың тек­ше метр қар шығарылды. Жал­пы Қазақстан бойынша осы уа­қытта арнайы техниканың 100-ге жуық тасымалы, 100 шақырымға жуық кірме жолдардың таза­лануы қамтамасыз етілді деп ха­барлайды еліміздегі кірме жол­дардың негізгі тармағына ие жауапты кәсіпорын мамандары.

«Қарағанды аймағында кір­ме жолдарды қардан сапалы тазалау және уақытылы шығару бойынша біз магистральды теміржол желісі объектілерінен кем түскен жоқпыз. Ұқсас жағ­дай Ақмола жол бөлімінің тү­йісу стансаларында көрініс алды, кірме жолдардан 40 мың текше метр қар шығарылды. Бұл ретте, Ақмола жол бөлімі ар­қылы еліміздің басты көлік артериясы өтетінін атап айтқан жөн», дейді «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның Солтүстік аймақтық бөлімшесінің директоры Әлкей Асылбек.

Оның айтуы бойынша, кірме жолдардағы қар тазалау және су басып қалудың ал­дын алу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Айзере САМАРҚАН

Бөлісу:
Қар тазалау қарқынды жүргізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар