Руханият
1 мин оқу 230

Ақтоты Райымқұлова Элизабет Тұрсынбаеваны туған күнімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны туған күнімен құттықтады. Бұл туралы&nbsp;Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Ақтоты Райымқұлова Элизабет Тұрсынбаеваны туған күнімен құттықтады

Кездесуге Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Серік Сәпиев және спортшының әкесі Байтақ Тұрсынбаев қатысты.

1

Министр өз кезегінде Элизабетке жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, еліміздің абыройын байрақты бәсекелерде лайықты қорғап жүргеніне алғыс айтты. Сондай-ақ алдағы додаларға сәттілік тіледі.

Бөлісу: