Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады
<p style="text-align: justify;">Қала тұрғындары медициналық көмек, атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысты мәселелерді көтерді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.<br /><br /><br /></p>
Белсенді қала тұрғындары балаларға арналған әртүрлі үйірмелер мен секциялар, шет тілдерін үйрететін аула клубтарын ашуды ұсынды. Ұсыныстар қала әкімінің бақылауына алынды.
Қабылдау барысында қала тұрғындары Пригородный елді-мекенінде 800 орындық мектеп пен «Аспан» спорт кешенін ашқаны үшін мемлекетке алғысын білдірді.
Кеше қала әкімі Алтай Көлгінов есеп беру кездесуіне келген қала тұрғындарын жеке қабылдады. Концерт залының холлында сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары, әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері азаматтарды қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды.