Руханият
1 мин оқу 372

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы рекорд орнатпақ

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының &laquo;Қорқыт&raquo; дәстүрлі саз тобы 75 шығарма орындап, Қазақстан бойынша Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.</p>

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы рекорд орнатпақ

Шара ұлттық өнерді насихаттау мақсатында және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіледі. Өнер ұжымы 17 ақпанда «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында өнер көрсетеді.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек осындай концерттің ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа лайық екендігіне сенімді: музыканттар Қазақстанда алғаш рет non-stop режімінде музыкалық шығармаларды кідіріссіз, бір деммен жатқа ойнайды.

Бөлісу:
«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы рекорд орнатпақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар