Қоғам
1 мин оқу 460

Еліміздегі ең жас құсбегі

<p style="text-align: justify;">Оның есімі &ndash; Ерасыл Серікбекұлы. 11 жаста. Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Софиевка ауылында тұрады екен.</p>

Еліміздегі ең жас құсбегі

Ерасылды жақында Абай ауданы Қарауыл ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткен бүркітшілердің республикалық сайысында кездестірдік. «Қаршығамның аты – Чипок. Жақында бір жасқа толады. Әкем – бүркітші. Атам Күнтуған да бүр­кітші болған. Бұл – ал­ғашқы жарысым емес», дейді ол.

Осы сайыстағы ең жас бүркітшінің әкесі Серікбекті аз-кем әңгімеге тартқанымызда құсбегілікпен атасы да шұғылданғанын айтты. «Мұны әкем Күнтуғаннан естідім. Сонда біздің әулетте төртінші буын құс­бегі­лікпен айналысуда. Үйде төрт бүркіт, бір қар­шығам бар. Осы жарысқа әкем ұстаған Ақбалақ атты бүркіт қаты­сып жатыр. 25 жаста. Бұл сайыстағы ең кәрі бүр­кіт», дейді Серікбек Күнтуғанұлы.

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы,

Қарауыл ауылы

Бөлісу:
Еліміздегі ең жас құсбегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар