Оқиға
1 мин оқу 220

Қызылжарда кейуана қызыл жалын құшты

<p style="text-align: justify;">Бұрнағы күні Петропавл қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты және осы жерден 84 жастағы кейуананың өлі денесі табылды.</p>

Қызылжарда кейуана қызыл жалын құшты

Өрт туралы дабыл таңғы сағат он жарым кезінде түскен. Жанып жатқан пәтер Кошуков көшесіндегі №7 тоғыз қабатты үйдің 3 қабатындағы пәтерден екені анықталған. Далаға сумаңдап жатқан жалынды көрген қырағы көршілер дереу дабыл қаққан екен.

Өрт сөндіруге Петропавлдың № 1 және № 3 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жеткенде жалын үй ішін тегіс жалмап, лапылдап жатқанын көреді. Өрт сөндіруге жанталасып кіріскен қызметкерлер оттан көрші пәтерлердегі 8 адамды, соның ішінде 2-уі бала болған, басқышпен түсіріп, құтқарып алған.

Алайда, өрт жылдам сөндірілгенімен үйдің ішінен 1936 жылы туған үй иесі - әйелдің өлі денесі табылған. Қазір 84 жастағы кейуананың неден қайтыс болғаны және өрттің себептері анықталуда. Өрт сөндіруге барлығы 20 шақты адам мен 6 техника тартылған.

Өрттен пәтердің барлық мүлкін от шалған, бүлдірген аумағы 18 шаршы метрдей. Үйдің ішін тегіс түтін шарпыған.

Осындайдан аман болу үшін әрқашан да өрттен сақ болу керек.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу: