Аймақтар
1 мин оқу 470

Хабарсыз кеткен кәсіпкер іздестірілуде

<p style="text-align: justify;">Қызылордада полицейлер, төтенше жағдай қызметкерлері мен еріктілер төрт күннен бері хабарсыз кеткен кәсіпкерді іздестіруде.</p>

Хабарсыз кеткен кәсіпкер іздестірілуде

Жетпіс екі жастағы Тынымбай Баженов 15 ақпанда таңғы сағат 05.00 шамасында дария бойында жүгіруге шығып, содан бері үйіне қайта оралмаған.

Бұл дерек Қызылорда қалалық полиция басқармасында тіркеліп, жедел іздестіру шаралары басталды. Оған облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттері қызметкерлері жұмылдырылды. Фейсбук әлеуметтік желісін белсенді пайдаланушы Серік Ерімбетов атты азаматтың ұйымдастыруымен іздеу жұмыстарына «Волонтеры Қызылорда» еріктілер тобы да қатысуда.

Төрт күн ішінде іздеушілер дария бойын, оған жақын салынып жатқан және қараусыз қалған құрылыстарды, сол маңайдағы саяжайлық аумақтарды аралап шықты.

Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Хабарсыз кеткен кәсіпкер іздестірілуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар