Аймақтар
1 мин оқу 170

Маңғыстауда жыл басынан бері 145-тен астам мас жүргізуші анықталды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Бейбіт уақытта жолдарда мас күйінде көлік жүргізген жауапсыз жүргізушілердің кінәсінен адамдар қаза болып жатыр. Бұған ақтау жоқ. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға ауырлығын ескере отырып, лайықты жаза болуы тиіс&raquo;, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.</p>

Маңғыстауда жыл басынан бері 145-тен астам мас жүргізуші анықталды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдарды күн сайын патрульдеу жұмыстарының арқасында мас көлік жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу шаралары жүргізілуде.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қолданыстағы әкімшілік жазалау шаралары жүргізушілердің тәртібіне оң нәтижесін беруде. Мас күйінде жүргізгені үшін жазаны күшейту жүргізушілер мен жолаушылардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жыл басынан бері  көлік жүргізуге масаң күйде отырған 145-тен астам жүргізуші анықталды. Заң талаптарының өзгеруіне байланысты  масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің саны 2 есеге азайды.

Автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бұл 2019 жылдың қорытынды кезеңімен салыстырғанда 3 есеге аз.

Барлық жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу олардың және жолаушылардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіретіні түсіндіріліп келеді.

Бөлісу:
Маңғыстауда жыл басынан бері 145-тен астам мас жүргізуші анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар