Спорт
1 мин оқу 80

Теннис: Бублик Марсельдегі турнирдің ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.</p>

Теннис: Бублик Марсельдегі турнирдің ширек финалына шықты

Тұсаукесер кездесуде әлемнің 55 ракеткасы атанып отырған жерлесіміз АТР рейтингінде 73 орында тұрған Мажарстанның өкілі Мартон Фучовичті 6:4, 7:5 есебімен жеңген еді.  

Келесі кезеңде Бубликтің жолы кезінде Уимблдон және АҚШ-тың ашық біріншілігінде төртінші кезеңге дейін жетіп, бұл күндері үздіктер тізімінде 20 сатыға жайғасқан Франция теннисшісі Бенуа Пэрмен күш сынасты. 1 сағат 37 минутқа созылған бұл бәсеке 3:6, 6:4, 6:4 есебімен отандасымыздың пайдасынан шешілді.

Ширек финалда Александр Бублик хорватиялық Марин Чилич пен канадалық Денис Шаповалов арасындағы матчтың жеңімпазымен шеберлік байқасады.  

Бөлісу: