Спорт
1 мин оқу 220

Күрес: Бүгін Азия чемпионатында әйелдер белдеседі

<p style="text-align: justify;">Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының грек-рим күресі шеберлері арасындағы жарыс кеше аяқталды. Бүгін боз кілемге әйелдер шығады.</p>

Күрес: Бүгін Азия чемпионатында әйелдер белдеседі

Әйелдер күресі бойынша бүгін бес салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынады. Бұл бәсекелерде Қазақстанның намысын Валентина Исламова (50 кило), Марина Зуева (55 кило), Мадина Бақбергенова (59 кило), Әлбина Қайыргелдинова (68 кило) және Елмира Сыздықова (76 кило) сынды балуандар қорғайды.

Ал қалған бес салмақ дәрежесіндегі сайыстар ертең өтеді. Одан кейін еркін күрес шеберлері өз жарысын бастайды.

Бөлісу:
Күрес: Бүгін Азия чемпионатында әйелдер белдеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар