Президент
1 мин оқу 192

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя Президентке науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты.

– Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба, – деді Президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар