Қазақстан
1 мин оқу 966

Қашқан сарбаз ұсталды

<p style="text-align: justify;">Кеше Түркістан облысы Бадам елді мекеніндегі 10216 әскери бөлімде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қоймадан қару-жарақ ұрлап, белгісіз жаққа қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Қорғаныс министрлігі ақпаратты растады.</p>

Қашқан сарбаз ұсталды

Әс­кери бөлімнің кіші сер­жанты, кезекшінің көмекшісі А.Балғынбайдың қашып кеткені таңертеңгі сағат 7-де белгілі болған. Түс қайта Қорғаныс ми­нистр­лігі осыған қатыс­ты рес­ми ақпарат таратты. Онда кіші сержант А.Балғын­байдың кезекшілік ауысымы кезінде өз бетінше әскери бөлімді тастап кеткені, осыдан кейін бөлімде қару-жарақтың жетіспейтіндігі белгілі болғаны көрсетілген. Ақпаратта, сондай-ақ күштік құры­лымдар мен әскери поли­цияның қажетті шұғыл-іздестіру және қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатқаны жазылған еді.

Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қашқын сарбазды көп ұзатпай ұстады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Түркістан облысы

Бөлісу:
Қашқан сарбаз ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар