Қоғам
2 мин оқу 152

Құрылысты аяқтауға кепілдік бар

<p style="text-align: justify;">Орталық коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында &laquo;Бәйтерек&raquo; ҰБХ&raquo; АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев &laquo;Нұрлы жер&raquo; мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша холдингтің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берді.</p>

Құрылысты аяқтауға кепілдік бар

«Әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетігі арқылы кре­диттік тұрғын үй салу бағыты бойынша 108,8 млрд теңгеге бағалы қағаздар сатып алынды. Осы қаражат есебінен әкімдіктер Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі­нің (холдингтің еншілес ұйы­мы) салымшыларына және «7-20-25» бағдарламасының қа­ты­­су­шыларына белгіленген баға­мен 10,6 мың кредиттік пәтер­ді тап­сырды. Биыл әкім­­діктерді 101,2 млрд тең­геге қаржыландыру жоспарлан­ған, бұл шамамен 10,4 мың пәтер. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сінің бағыты бойынша 2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындарға 527 млрд теңгеге 50,3 мың жеңіл­детілген қарыз берді, соның 67 млрд теңгесіне 8,6 мың қарыз «Нұрлы жер» мем­ле­кет­тік бағдарламасы шеңберінде беріл­ді. Бұл қарыздар мем­ле­кет­тік бағ­дарламаға қатысушыларға жылдық 5%-бен, 20% бастапқы жарнамен берілген. Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесінде 1,6 млн шарт бар, жинақ сомасы 806 млрд теңгені құрады. Банк теңгемен ұзақ­мерзімді салымдар бойынша бірінші орында. Сонымен қатар, өткен жылдың шілдесінен бастап аз қамтылған отбасылар үшін 20 жылға дейін жылдық 2%-бен жеңілдетілген ипотекалық кредит беру «Бақытты отбасы» бағ­дар­ламасы арқылы жүзеге асырылуда. Рес­публикалық бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкіне 51,7 млрд теңге жалпы сомасына 5,2 мың өтінім келіп түсті, соның 50 млрд теңгесіне 5 мың өтіні­м мақұлданды. Биылдан бастап Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы беру жоспары 10 мың қарызды құрайды. Тұрғын үй құры­лысына кепілдік беру қоры (хол­дингтің еншілес ұйымы) 71,4 млрд теңгеге жоспарлап, 88,8 млрд теңге жалпы сомасына жобаларды мақұлдады. Бұл ком­­­мерциялық нарықта 6 мың пә­­тер сатып алу үшін халық­тың са­­лымдарын қорғауға мүмкін­дік берді. Биыл 90 млрд теңгеден астам сомаға құ­ры­­­­лысты аяқтауға кепілдік беру жос­­парлануда», деді Ә.Омар­қо­жаев.

Сонымен қатар ол жеке құры­лыс салушыларға кредиттерді субсидиялау бағыты бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қо­ры субсидиялау үшін жалпы сомасы 49,6 млрд теңге болатын 47 жобаға қол қойғанын атап өтті.

«Құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттер құны орта есеппен 50% арзандады. Сонымен бірге салынған тұрғын үйдің жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің са­лым­шыларына, «7-20-25» бағ­дар­ламасына қатысушыларға және коммерциялық банктерге белгіленген бағамен сатылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс істеп тұрған операторлар саны екіге дейін азаяды – холдингтің тұр­ғын үй блогы Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкінен алынған қа­рыз­дар арқылы жұмыс істейтін аза­маттардың сұранысын ынталандырады және Бірыңғай оператор функциялары арқылы тұрғын үй салу бойынша ұсынысты қамтамасыз етеді», деді ол.

Бөлісу:
Құрылысты аяқтауға кепілдік бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар