Саясат
3 мин оқу 173

Бақылау барынша күшейтілді

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен коронавирустық инфекция бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында ол коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары күшейтілгенін атап өтті.</p>

Бақылау барынша күшейтілді

«Ведомствоаралық ко­мис­сия­ның келісімімен Мем­лекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (Сингапур, Жапония, Таи­ланд, Оңтүстік Корея, Гонконг САР және ҚХР Макао САР, Тайвань (ҚХР), тараған елдерден Қазақ­станға келген азаматтар шекарадан өткен күннен бастап 24 күн медициналық бақылауда болады. Мамандар 14 күн бойы үй-үйді аралап тексереді және 10 күн қашықтан мониторинг жүргізеді. Жалпы Қазақстанға келген 488 мыңнан астам адам қаралды. Рес­пираторлық ауру белгілері және дене қызуы жоғары 175 адам ауру­ханаға жатқызылды. Оның ішін­де 15 науқас стационарлық емдеу­де қалады. Емделушілердің жағ­дайы қанағаттанарлық, коро­нави­рустық инфекция ауруы растал­маған. Рес­ми және үкіметтік делегация өкілдерінің, сондай-ақ қызметтік және дипломаттық паспорттар иелерінің, авиакомпания ұшқыштарының және қолайсыз аумақ­тардан келетін экипаж мүше­лерінің ден­саулығына да 24 күн қа­шық­тан мониторинг жүргізі­леді. Медициналық ұйым­дар 6 қаң­­тар­дан бастап Қытай­дан келген азаматтардың денсау­лығына тұрғы­лықты жері бойынша мониторинг жүргізуде. Бүгінге дейін  24 мың­нан астам адам қатаң бақы­лауда болды, қазір 23 647 адам мони­то­рингтен шығарылды, ал соң­ғы 14 күнде келген 789 адам, ауру­ханаға жатқызылған. Яғни меди­ци­на­лық бақылауда. Олар 14 күндік стационарлық карантинде бол­ғаннан кейін шығарылады. Ден­сау­лық сақтау министрлігі қауіп­ті, күмәнді аймақтардан келген қазақ­стан­дықтарға өзге адам­дар­мен бай­ла­нысты үзіп, үй жағ­дайында каран­тин­ді жалғастыруды ұсынады», деді ол.

Сонымен қатар Е.Біртанов Зай­сан­дағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Елімізге келіп жатқан тран­зит­тік тауарлар да бар. Сол көлік­тер арқылы шекараны кесіп өткен жүр­гізушілер Шығыс Қазақ­стан­дағы Бақты және Май­қап­шағай бекеті арқылы келеді. Одан бөлек темір жол арқылы өтетін пункт­тер бар. Біз күнделік­ті мониторинг жасаймыз. Санитар­лық дәрігер сол жерде тұрады. Теп­лови­зорлар бізде бар. Резерв­тен алынған ақша бойынша қосымша тепловизор алуға қазір тырысып жатырмыз», деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуына қара­ған­да, шекарадан өткен барлық жүр­гізу­шіге бақылау жүргізу керек.

«Мысалы біздің ақпарат бойынша Қытайда бизнес­пен, саудамен айналы­сатын бірнеше Қазақстан азама­ты бар. Олар елге қайтуы қажет. Біз оларға мүм­­кіндік беруіміз керек. Әр­ине тәуе­кел­дер бар. Олар қауіп­­сіз­дікке байланыс­ты кел­геннен кейін ба­қы­­лауға алын­уы тиіс», деді министр.

Е.Біртанов Зайсанда «Қытай азаматтары келіп жатыр» деген жалған ақпарат тарап кеткенін атап өтті.

«Бұл әрине дұрыс емес. Мәсе­лен, өткен тәулік бойынша Май­қап­­шағайдан ешкім өткен жоқ. Күн­делікті көп болса, Шығыс Қазақстан бойынша 10-15 адам өтеді. Олардың бәрі – біздің азаматтар. Алматы облысы бойынша 20-30 адам өтеді. Әлбет­те олар елге келгеннен кейін әрі қарай инфекцияны тарату қаупін болдырмау үшін алдын алуымыз қажет. Соған байла­нысты сол жерде арнайы каран­тиндік станса ашу керек. Сондай бұйрығымыз болған. Оны азаматтар сол ауылдың амбулаториясына жатқызады деп түсінген. Шешім бойынша біздің арнайы стационар – Зайсан ауданының орта­лық ауруханасындағы арнайы бөлек инфекциялық ауруға арналған корпусқа орналасады», – деді ол. Ми­нистр сонымен қатар Шығыс Қазақ­станда инвестициялық жобалар бойынша жұмыс істеп жатқан Қытай азаматтары барын жасырмады.

«Құпия жоқ. Олардың арасын­да жақында Қытайдан келген азаматтар да бар. Олар біздің бақы­лауымызда. Тіркелген ауру адамдар жоқ. Олардың денсаулығы дұрыс бол­­са әрі қарай жұмыс істеуге мүм­­кін­дік беруіміз керек. Себебі олар­­дың келісімшарттар бойынша өз жауап­кершіліктері бар», деді Е.Біртанов.

Бөлісу:
Бақылау барынша күшейтілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар