Экономика
2 мин оқу 210

3,3 млрд теңге жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚазТрансОйл&raquo; АҚ отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпорынның былтыр сатып алудағы жергілікті қамту үлесі еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескергенде 74 пайызды құрады және жиынтығы 105 млрд теңгеден асты.</p>

3,3 млрд теңге жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалды

«ҚазТрансОйл» АҚ бас ди­рек­торының орынбасары Шың­ғыс Сейсекеновтің айтуын­ша, 2019 жылы қолданыстағы ұзақ­м­ерзімді шарттарға қосым­ша компания отандық тауар өндірушілермен 500 млн тең­геден астам сомаға тағы 5 ұзақ­мерзімді шарт жасасқан. «Бұл өндірістік және кадрлық ресурс­тары бар компаниялардың тауар­лары мен қызметтерінің сапасы біздің өндіріс талаптарына сәйкес келеді», деді ол.

Компания тұрақты серік­тес­­тері­нің қатарындағы «Пав­ло­дар құбыр арматурасы зауы­ты» ЖШС, «Өскемен өнер­кә­­сіп­­­тік арматура зауыты» АҚ, «РауанНалко» ЖШС, «ТЕМІР­МАШ» Павлодар зауыты» ЖШС, «ҚазАрматура зауыты» ЖШС сияқ­­ты зауыттар­мен жабдықтарға ар­налған құ­рам­­дас және қосалқы бөл­­шек­терді жет­кізуге шарттар жа­са­ған. Был­тыр­ғы сатып алу жос­­пары­­ның ая­сын­да арнайы тех­ни­­ка мен жаб­дықтарды және бас­қа да та­уар­лар­ды жеткізуге 3,3 млрд тең­­геден астам сомаға шарттар жасалды.

Жалпы, «ҚазТрансОйл» АҚ-та отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша өсу динамикасы байқалады. Егер 2017-2018 жылдары еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі орташа есеппен 70 пайызды құраса, 2019 жылы бұл көр­сеткіш 74 пайызға дейін өсті.

2020 жылы «Са­мұрық-Қа­зы­на» АҚ импортты ал­мас­тыру бағдарламасы аясын­да тәжірибелік-өнеркәсіптік сы­нақ­­тар жүргізілгеннен кейін отан­дық тауар өндірушілермен жаңа келісімшарттар жасау кү­тілу­де. Қазақстандық жет­кізу­ші­лердің айтуынша, ірі ком­па­ния­лар­дың қолдауы оларға өн­дірісті дамытуға көмектеседі.

«Біздің «NGVision» ЖШС компаниямыздың өнімі «ҚазТрансОйл» АҚ-та тә­жі­ри­бе­лік-өнеркәсіптік сынақ­­тан өте­ді. Қазақстан Респуб­лика­сы­ның аумағында біз бейне­бақы­лау камераларын құрас­тыру­мен айналысатын жалғыз компания­мыз. Қазір біздің өндірісте 50-ге жуық адам еңбек етуде. Кез кел­ген көлемді игере аламыз. Осы уақытқа дейін 400 камера жи­надық. Енді жаңа тапсырыс­тар күтеміз. Әрине ірі компания­лардың қолдауынсыз нарықта қалуымыз екіталай. Сондықтан мемлекетіміздің қолдау көр­сеткеніне өте қуаныштымыз», дейді «NGVision» ЖШС бас директоры Таир Омаров.

Бөлісу:
3,3 млрд теңге жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар