Спорт
1 мин оқу 194
Милад Карими лицензиялық әлем кубогі кезеңінің финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Мельбурнда спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</p>

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшы Милад Карими еркін жаттығу бойынша финалға шықты. Гимнастикалық аттағы жаттығу бойынша өнер көрсеткен Ілияс Азизов 9-шы орын иеленіп, қосалқы құрамға енді.
Ал Нариман Құрбанов 12-ші орыннан көрініп, финалға өте алмады. Айта кетерлігі, аталған жарыс 24 ақпанға дейін жалғасады.
Бөлісу: