Саясат
1 мин оқу 370
Қазақстан-Өзбекстан үкіметтік делегацияларының отырысы өтті
<p style="text-align: justify;">2020 жылғы 17-21 ақпан аралығында Алматы Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Делегациялар Қазақстан Республикасының Қызылорда және Түркістан облыстарымен шектес Өзбекстан Республикасының Навои облысы шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.
Комиссия 2020 жылға арналған Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.
Бөлісу: