Аймақтар
1 мин оқу 302
Түзеу мекемесі маңындағы көліктен есірткі табылды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесі маңайында тұрған автокөліктен есірткі табылды. Бұл туралы облыс бойынша ҚАЖД мекемесінің мамандары хабарлады. </p>
Көлік күдікті көрінгесін қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен жедел тобы шақыртылып, тінту кезінде артқы орындықтан 20 грамдық 4 шприцке нығыздалып салынған шөп табылады. Сот-химиялық сараптама қорытындысы тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін анықтап отыр.
Қазір осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: