Аймақтар
1 мин оқу 174

Семейде студенттер жатақханасы өртенді

<p>Семей қаласындағы жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шықты. Бұл туралы Семей қаласының&nbsp;ТЖБ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Семейде студенттер жатақханасы өртенді

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында Физкультурная көшесінде болған. Өрт жатақхананың 6-қабатында шыққан. Жиһаз бен төсек-орынды шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 10 шаршы метр болған. Ғимараттағы 80 адам өрт тұтана салысымен сыртқа шыққан.

- Адамдарды эвакуациялауға көмектесіп жүріп, ащы газ иісін көп жұтып қойған 1972 жылғы күзетші уланып, ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 автоцистерна жұмылдырылды. Жалын сағат 13:31-де толықтай өшірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану немесе электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы себеп болуы мүмкін, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Семейде студенттер жатақханасы өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар