Футбол
1 мин оқу 163

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

<p style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлт&shy;тық құрамалардың ақпан айына ар&shy;нал&shy;ған рейтингі жарияланды. 2020 жыл&shy;дың алғашқы рейтингін Қазақстан 118-орын&shy;мен бастады. Өткен жылғы рейтингте де Қазақстан 118-сатыда болатын.</p>

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

Жалпы жыл басындағы рейтингте аса қатты өзгеріс жоқ. Рейтингтің көшін әдет­тегідей 1765 ұпаймен Бельгия құрамасы бас­тап тұр. 2018 жылғы әлем чемпиондары – Франция (1733) екінші, былтырғы Америка кубогының иегері Бразилия (1712) үздік үштікті қорытындылап тұр.

Қазақстан құрамасы алдағы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аясында жерлестеріміз 27 наурыз күні Орталық стадионда Литва, 30 наурызда Армения футболшыларына қарсы ойнайды.

Бөлісу:
Рейтингтегі орнын сақтап қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар