Әлем
1 мин оқу 204
Иранда жер сілкінісінен 70-тен астам адам жараланды
<p style="text-align: justify;">Иранның Хой қаласында жер сілкінді. Салдарынан 70-тен астам адам зардап шеккен. Қуаты 5,7 баллға тең зілзала Иран мен Түркия арасындағы шекаралық аймақта болған. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.</p>

Жерасты дүмпуі Түркияның Ван провинциясына да әсер еткен. Сөйтіп, осы елдің 9 тұрғыны мерт болып, 40-қа жуық азаматы жарақат алған.
Айта кетейік, зілзала таңғы уақытта тіркелген. Оның эпицентрі Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым жерде болыпты.
Бөлісу: