Саясат
1 мин оқу 170

Халықаралық жиынға қатысты

<p style="text-align: justify;">Еліміздің Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қ.Мәми Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық Кеңесінің 30 жылдық мерейтойына арналған &laquo;Конституциялық сот төрелігі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау&raquo; тақырыбындағы халықаралық конференцияға және басқа да іс-шараларға қатысты.</p>

Халықаралық жиынға қатысты

Бұл оқиға мемлекеттік дең­гейде және осы елде 2021 жыл­ға жоспарланған Консти­ту­ция­­лық сот төрелігі бойынша дүние­жү­­зі­­лік конференцияның 5-ші Кон­гре­сін өткізу алдында атап өтілуде.

Форумға қатысушылардың қатарында қабылдаушы елдің мемлекеттік құрылымдарының басшылары, шетелдердің конс­ти­туциялық соттары мен кеңес­терінің төрағалары, халықара­лық ұйымдардың басшылары және Алжирдің іскерлер және ғы­­лы­ми топтарының өкілдері бар.

Жалпы сессияда Алжир Ха­­лық Де­мократиялық Рес­­­пуб­­­­ли­ка­сының Президенті Аб­­­дель­­­маджид Теббун мырза қа­­тысу­­­шыларға құттықтау сөз сөйледі.

Қонақтарға Алжир Конститу­циялық Кеңесі туралы деректі фильм көрсетілді.

Форум аясында Қ.Мәми­дің Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының президенті Джанни Букиккио және шетел­дердің бірқатар конс­титуция­лық соттарының басшыларымен кездесуі өтті, соның барысында конститу­ция­лық-құқықтық са­ладағы ынтымақтастық мәсе­лелері талқыланды.

Бөлісу:
Халықаралық жиынға қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар