Қоғам
1 мин оқу 490

Мүгедектерді жұмыспен қамтығандар субсидияланады

<p style="text-align: justify;">Алматыда 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды.</p>

Мүгедектерді жұмыспен қамтығандар субсидияланады

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға ниет білдірген жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялайды (көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек адамдар).

Субсидия арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындарды өтеу мақсатында беріледі. Аталған бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер 2020 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады. Әділет министрінің бұйрығына сәйкес, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде есепке қоюды растайтын құжат; арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы талап етіледі.

Бөлісу:
Мүгедектерді жұмыспен қамтығандар субсидияланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар