Қоғам
1 мин оқу 196

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

<p style="text-align: justify;">Ауа райының бұзылуына байланысты 26 ақпан күнге бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК хабарлады.</p>

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр молынан жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Түркістан қаласында күннің екінші жартысында нөсерлі жаңбыр жауып, күндіз желдің күші 25 м/с күшейетіні күтіледі.

Шымкент қаласында күннің соңында қатты жаңбыр жауып, күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.

Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, 23-28 м/с артады. Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының орталығы - Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болжанады.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады. Орал қаласында тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 18 м/с жетуі ықтимал.

Бөлісу: