Қазақстан
1 мин оқу 90

Бас прокуратура алаяқтарға сенбеуге шақырды

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратура азаматтарға кіріс көзі дәлелденбеген қомақты қаражатқа қол жеткізу туралы уәде ететін күмәнді ұйымдарға өз қаражаттарын сеніп тапсырмауға шақырды.&nbsp;</p>

Бас прокуратура алаяқтарға сенбеуге шақырды

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда құқық қорғау органдарына «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» ЖШС-не және «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының иелері азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражаттарын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты арыздар түсуде.

Аталған ұйымдармен 42 мың келісім-шартқа отырған 6 мыңнан аса азамат жүгінген. Полиция органдары олардың өтініштері негізінде 22 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ломбардтардың 1 менеджері мен 12 филиал директорлары жауапкершілікке тартылуда. 

Тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін процессуалдық прокурорлар бекітілген.

Алаяқтар өз мақсаттарына жету үшін түрлі жарнамаларды белсенді түрде қолданғаны, олардың ішінде шоу-бизнес жұлдыздары мен танымал блогерлерді пайдаланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жарнама жасауды жүзеге асырған және таратқан тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Бөлісу: