Шымкентке келген туристерге еріктілер жол бастайды
<p style="text-align: justify;">Биыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай шетелдік қонақтармен тікелей жұмыс жасайтын еріктілердің кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие. Осы мақсатта «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасына волонтерларды даярлау мақсатында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді.</p>

Волонтерлармен жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаты қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы волонтерларды анықтау, оларды волонтерлықтың «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша және Шымкент қаласы ТМД елдері мәдени астанасының салтанатты ашылуында волонтерлардың қызметіне байланысты жұмыс жүргізу болып табылады.
Жалпы арнайы оқытудан өтетін волонтерлар саны 300-ге жуық деп жоспарланып отыр. Олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы ретінде қызмет көрсетпек. Айта кетейік, еріктілерге арнайы үлгідегі киімдер таратылып олардың жол жүру ақысы мен тамақтануы қарастырылатын болады.
Шымкент