Аймақтар
1 мин оқу 312
Алматы облысы: Жабық бассейн құрылысы аяқталуға жақын
<p style="text-align: justify;">Талдықорғанда ТМД аумағында теңдесі жоқ жабық жүзу бассейнінің құрылысы жүріп жатыр. Күніне 750 адамға бірден қызмет көрсететін бассейн қаланың көрікті де көрнекті нысандарының бірі болмақ.</p>

Облыс әкімі Амандық Баталов бүгін қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, ішкі әрлеу жұмыстарының жобасын бірлесіп қайта жасау керектігін айтты. Сол сияқты арнайы инвентарьлармен, лед-экран, су асты камералары сияқты құрал-жабдықтармен қамту ісін егжей-тегжейлі ойластыру керектігін айтты.
Қазір бұл нысанда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Аймақ басшысы ғимараттың сыртқы келбетіне, маңайын абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Алматы облысы
Бөлісу: