Қазақстан
1 мин оқу 131

Жастарды қолдау бағыты бойынша комиссия отырысы өтті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Nur Otan партиясының орталық аппаратында Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Омарбекованың төрағалығымен жастарды қолдау бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.</p>

Жастарды қолдау бағыты бойынша комиссия отырысы өтті

Комиссия құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары, атқарушы орган өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары және белсенді жастар кірді.

Отырыста Денсаулық сақтау вице-министрі Надыров Камалжан, Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Сапарова мен комиссия төрағасы Жұлдыз Омарбекова сөз сөйледі.

Күн тәртібінде еліміздегі жастардың денсаулық жағдайы мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, жастар арасындағы әлеуметтік-маңызды мәселелердің алдын алу: суицид, аборт, туберкулез, ерте жүктілік және т.б.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша мониторинг Jas Otan Жастар қанатымен бірлесіп өткізілді.

Денсаулық сақтау вице-министрі тап өткендей, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым міндеттерінің бірі - жастардың денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды іске асыру. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мектеп психологтарын; БМСК мектеп медицина қызметкерлерін жасөспірімдер арасында суицид қаупін ерте анықтау үшін оқыту; еліміздің 17 өңірінде жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны енгізу; психиатриялық көмек көрсетуді жетілдіру; ДДҰ-ның «денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер», «Саламатты университеттер» жобаларын одан әрі енгізу  жоспарланған.

Бөлісу:
Жастарды қолдау бағыты бойынша комиссия отырысы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар