Спорт
1 мин оқу 270

Жеңіл атлетика: Минскіден қос жүлдемен оралдық

<p style="text-align: justify;">Беларусь елінің астанасы &ndash; Минскіде жеңіл атлетикадан жастар арасында халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.</p>

Жеңіл атлетика: Минскіден қос жүлдемен оралдық

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы қос жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, сырықпен секіруде Владислав Бахтин мен Кристина Овчинникова күміс медальдарды мойындарына ілді.

Бахтин 210 сантиметрге секірсе, Овчинникова 188 сантиметрлік межені бағындырды.

Командалық есепте жерлестеріміз тоғызыншы орынға табан тіреді. Бұл жарыста Италия құрамасы үздік деп танылса, Беларусь пен Польшаның жеңіл атлеттері екінші және үшінші сатыларға жайғасты.

Бөлісу:
Жеңіл атлетика: Минскіден қос жүлдемен оралдық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар