Аймақтар
1 мин оқу 180

«Әл-Фарабиден осы күндерге дейін» республикалық ғылыми семинары өтеді

<p style="text-align: justify;">ҰИА және&nbsp; академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты ұйымдастырушылары биыл 29 ақпанда &laquo;Ғылым ордасы&raquo; ғимаратында &laquo;Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден осы күндерге дейін&raquo; атты республикалық ғылыми семинар&nbsp; өткізеді. Ғылыми семинар көрнекті ғалым-механик, ҰҒА академигі Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 89 жасқа толу қарсаңында өткізіледі.</p>

«Әл-Фарабиден осы күндерге дейін» республикалық ғылыми семинары  өтеді

Әл-Фарабидың ізбасарларының бірден-бірі, заманауи қазақстандық механика ғылымын жалғастырушы көрнекті  ғалым-механик, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанда жоғарғы классты машиналар мен механизмдердің теориясының негізін қалаушы – Өмірбек Жолдасбеков. Ө.А.Жолдасбековтың механика саласындағы мұрасы әлемдік деңгейде баламасы жоқ жүк көтергіш және манипуляторлық құрылғылар жобалауда негіз болды.

Академик Ө.А.Жолдасбековтың еңбектерін дамыту негізінде көтергіші бар шағын роботтар, жаңа үлгідегі баспақ-автоматтар, ретнтгенофлуоресцентті энергодиспесионды аспап, т.б. жасалып, республиканың энергетика, машинақұрушы салалар, медицина, робототехника, отын өнеркәсібінде және  басқада салаларда сұраныста.

Аталған іс-шараға жоғарғы оқу мекемелерінің, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық инженерлер академиясының және профилді ғылыми ұйымдардың директорлары, машина жасаушы салалардың  өкілдері, т.б. қатысады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
«Әл-Фарабиден осы күндерге дейін» республикалық ғылыми семинары өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар