Әлем
1 мин оқу 150

Джеки Чан коронавирус жұқтырғанын теріске шығарды

<p style="text-align: justify;">Әлемге танымал актер Джеки Чан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жайлы ақпараттың жалған екенін айтты. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жариялады.</p>

Джеки Чан коронавирус жұқтырғанын теріске шығарды

«Қамқорлықтарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Мен аман-саумын, денсаулығым жақсы. Өтінемін, уайымдамаңыздар. Карантинде де емеспін. Бәрі де қауіпсіз әрі дені сау күйде болар деген сенімдемін» деп жазды Джеки Чан Instagram парақшасында.

Айта кетсек, бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазды.

Бөлісу: