Хоккей
1 мин оқу 136

Чернышев дивизионында топ жарды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) соңғы тур ойынын сырт айдында өткізген елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы жеңіске жете алмады.</p>

Чернышев дивизионында топ жарды

Турнирді жеңіліспен бастаған «Барыс» соңғы турда да жанкүйер­лерін қуантпады. Хабаровскіге қонаққа барған жерлестеріміз жергілікті «Амур» клубымен кездесіп, 5:0 есебімен айдын иелеріне жол берді. Дегенмен ойын нәтижесі «Барыстың» турнир кесте­сіндегі орнына кері әсерін тигізген жоқ.

ҚХЛ қорытындысы бойынша, Андрей Скабелка шәкірттері тұрақты біріншіліктің Шығыс конференциясындағы турнир кес­тесінде 84 ұпаймен екінші орынды иеленді. Көш басындағы «Ак Барс» (Қазан) клубынан 9 ұпай қалып қойды. Сондай-ақ Чернышев дивизионында екінші жыл қатарынан бірінші орын иеленгенін айта кетейік. Ал жалпы ҚХЛ қорытындысында жерлестеріміз төртінші орыннан көрінді. Енді «Барыс» ойыншылары Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде Шығыс конференциясында 7-орын иеленген Магнитогорскінің «Металлург» командасымен кездеседі.

Алғашқы екі ойын 1 және 3 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда, қарымта матч 5 және 7 наурызда Магнитогорскіде өтеді. Плей-офф ережесіне сәй­кес, келесі кезеңге 4 рет жеңіске жеткен команда шығады.

Бөлісу:
Чернышев дивизионында топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар