Аймақтар
1 мин оқу 880

Қостанайда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында жол полициясының қызметкері мен &nbsp;Қостанай қаласының Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік бөлімнің жедел кезекшісі пара алды деген күдікпен қамауға алынды.</p>

Қостанайда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды

Полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін одан 40 мың теңге пара алған деген күдікке ілініп отыр.

- Қазір олардың үстінен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады, - деп хабарлады бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз орталығы.  

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу:
Қостанайда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар