Аймақтар
1 мин оқу 512

Қарағандылық оқушылар білім жарыстырды

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика пәнінен айлық өтіп, онда оқушылар &laquo;Жеміс-жидек электрстанциясы&raquo;, &laquo;Отты торнадо&raquo;, &laquo;Гитараның дыбыстық толқындары&raquo; тақырыптары бойынша&nbsp; тәжірибе сағаттарында білім жарыстырды.</p>

Қарағандылық оқушылар білім жарыстырды

Сондай-ақ білім ошағында «Физикадан қызықты тәжірибелер» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, физикалық құбылыстарды көрсететін тәжірибелер өткізілді. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар оқушылардың креативті ойлауын, командада жұмыс істей білуін, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамытады деп есептейді.

Бұдан бөлек, Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілінде физиканы тереңдетіп оқытатын 11-сынып оқушылары арасында Physics Olympics байқауы өтті. Дода ережесі бойынша оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді (Quiz questions) және физикалық эксперименттер жүргізді (Physics experiments in real life).

Қарағанды облысы

Бөлісу: