Аймақтар
1 мин оқу 570

Жыл басынан бері Маңғыстауда 5 келіден астам марихуана тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының күшімен &laquo;марихуана&raquo; таситын екі ірі арна жабылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Жыл басынан бері Маңғыстауда 5 келіден астам марихуана тәркіленді

Есірткі заттары Ақтау қаласына әрі қарай өткізу үшін еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілді. Жыл басынан бері 5 кг-ға жуық түрлі есірткі құралдары тәркіленді, онда салмағы 4 килограмнан астам марихуана есірткісі болған.

Есірткіні таратумен айналысатын адамдарға келетін болсақ, оларды Қазақстан Республикасының ҚК 297-бабы бойынша өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Сондай-ақ Департамент облыс тұрғындары мен қонақтарын есірткі қылмысымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға, өздеріне мәлім болған барлық қылмыс фактілері туралы хабарлауға шақырады.

Бөлісу:
Жыл басынан бері Маңғыстауда 5 келіден астам марихуана тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар