Әлем
1 мин оқу 255
Коронавирус: Әзербайжанда бір жағдай тіркелді
<p>Ираннан келген ресейлік азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.</p>

Әзербайжанға Ираннан келген Ресей азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы 28 ақпанда Әзербайжан Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабы хабарлады.
«Әзербайжанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Инфекция Әзербайжанға Ираннан келген Ресей азаматынан анықталды», - делінген хабарламада.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі 19 ақпанда елде коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы туралы хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, Иранда ауруды жұқтырғандар саны 388-ге жетіп, кем дегенде 34 адам қайтыс болған.
Бөлісу: