Жаңалықтар
1 мин оқу 196

Елбасы ресми сапармен Әзербайжан Республикасына барды

Баку-1

Бүгін, тамыздың 16-сы күні Мемлекет ресми басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Әзербайжан Республикасына барды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Президент Габала қаласындағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ІІІ саммитіне қатысады. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен және Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен екіжақты кездесулер өткізеді.

Бөлісу:
Елбасы ресми сапармен Әзербайжан Республикасына барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар