Қазақстан
1 мин оқу 360
Бүгін - Қазақстанда алғыс айту күні
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін наурыздың бірінші күні Қазақстан халқы Алғыс айту күні мерекесін атап өтуде. </span></p>

2015 жылдың 15 қаңтарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлыққа өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Жарлығына қол қойды. Оған сәйкес, 1 наурыз - Алғыс айту күні болып бекітілді.
1995 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. 2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдығы кезінде Елбасы бұл күнді Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынды. Осылайша, елдегі барлық этностардың өкілдері бір-біріне және қазақтарға алғыс айта алады.
Бөлісу: