Аймақтар
1 мин оқу 902

Қарағанды вокзалының төбесі құлады

Қарағандыда жаңарту-жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан темір жол вокзалының төбесіндегі жабын құлап түсті. Абырой болғанда, оқыс оқиға болған кезде адамдар зардап шеккен жоқ.

Қарағанды вокзалының төбесі құлады

Вокзал бастығы Бақдәулет Жаңабаев осы оқиғаға қатысты: «Жұмыс әлі жүріп жатқандықтан, мердігерлер тарапынан қандай да бір кемшілік кетті деп айтуға әзірге ерте», деген түсінік берді.

Еске салсақ, Қарағандының темір жол вокзалына екі жылдан бері ауқымды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаруа 2019 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланғанымен, құрылысшылар кестенің мерзіміне ілесе алмай келеді. Дегенмен, олар құрылыс жұмыстарын биылғы көктемде толығымен бітіреміз деп отыр.

Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгенің шамасында.

Бөлісу:
Қарағанды вокзалының төбесі құлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар