Аймақтар
2 мин оқу 190

Бизнесмендер бағдарламаға дем берді

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облыстық &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева өңірдегі әрбір екінші кәсіпкердің аталған бағдарлама жобасының қатысушысы екенін мәлім етті.</p>

Бизнесмендер бағдарламаға дем берді

Өткен жылы облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жобалар саны 200-ден 1 мыңға дейін өскен. Облыс тұрғындары ұсынған қызықты идеяларды кәсіпкерлер қызу қолдап отырған. Мысалы, бүгінгі күнге дейін өмір сүруді жақсарту бойынша 25-тен астам жоба меценаттар тарапынан қаржыландырылған және іске асырылған.

– Қайырымдылық акцияларға қатысатын әлеуметтік жобалар мен адамдар саны арта бастады. Әлеуметтік жобалардың көпшілігін меценаттар мен еріктілер жүзеге асырады. Яғни, 88 мың кәсіпкерлік субъектінің жартысы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын біздің белсенді кә­­сіпкерлеріміз, – деді Гүлнәр Құр­банбаева.

Сондай-ақ брифингте Қа­рағанды облысы әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселе­лері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Алтынбеков ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Ең бірінші кезекте өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті ол.

– Биыл өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылады. Мысалы, Абайдың 175 жылдығына ар­налған іс-шаралар аясында «Абайдың інілері – қазақтың ірі­лері» атты поэзия күнін өткізу жоспар­да бар. Сондай-ақ, биыл Қара­ғанды облысының «100 жаңа есім» анық­талып, әр аудан мен қала бойынша көрнекті тұлғалардың тізімі жасалады. Қасиетті жерлердің сайты және оларға жолсілтемелер әзірленеді. Сонымен қатар «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумын өткізбекпіз, – деді Бекзат Алтынбеков.

Брифингке қатысқан об­лыстық ішкі саясат басқар­масының басшысы Ерлан Құ­сайын биыл жарияланғанына үш жыл толған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы жұмыс­тарға жергілікті атқарушы билік тарапынан алдағы уақытта да айрықша мән берілетінін атап өтті.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Бизнесмендер бағдарламаға дем берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар