Аймақтар
2 мин оқу 175

Бейбіт дәуірге жеткізді

<p style="text-align: justify;">Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнінің мәнін кезінде тағ&shy;&shy;&shy;дыр тауқыметін тартып, де&shy;&shy;&shy;пор&shy;тацияның ащы дәмін сез&shy;&shy;&shy;ген этностардың бүгінгі ұр&shy;&shy;&shy;пақ&shy;&shy;тары жақсы біледі. Кеңес&shy;&shy;тік қуғын-сүргін сал&shy;да&shy;&shy;р&shy;ы&shy;&shy;нан туған жері&shy;нен күш&shy;&shy;теп қоныс аударылған ата-ба&shy;ба&shy;мыз сол дәуірдегі сола&shy;қай сая&shy;саттың құрбаны болды.&nbsp;</p>

Бейбіт дәуірге жеткізді

Миллиондаған адам мал артатын вагондармен Қазақстанға жеткізілді. Мыңдаған жан жолда үсіп, аштықтан, аурудан жан тапсырды. Түрлі себеп-сылтаумен қазақ жеріне жеткізілген жандарға кеңестік билік жағдай жасаған жоқ. Керісінше күнін зорға көріп отырған қазақтардың мойнына қосымша жүк артты. 

Қолындағы наны мен қоржын тамын тең бөліскен қазақтар этнос­тарды өз бауырындай көрді. Заман тар болғанымен қара­па­йым қазақтардың ықылас-пейілі, мейірбандылығы және адами жанашырлығы біздің бейбіт дәуірге жетуімізге сеп болды.

Сөздің ашығы – әуелі Алланың, сосын қазақ халқының демеуінің арқа­сында біз осы күнге аман-есен жеттік. Сондықтан бізге кезінде пана болған Қазақ еліне әрдайым алғыс айтамыз.

Біз қазақстандықпыз! Иә, біздің түріміз, тіліміз өзгеше болғанымен, еліміз, түбіміз, діліміз бір. Ең бастысы – бір елдің азаматымыз. Өз кезегінде осы елдің  нанын жеп, жылуын сезген барлық этнос бүгінгі жеткен жетістігі үшін Қазақ еліне әрдайым қарыздар.

Біз бір екенімізді құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көрсет­кеніміз жөн. Дәл қазір қазақтың сөзін сөйлемеген ұлттың өзге жерде өзінің намысын қорғай алады дегенге мен сенбеймін.

Алдыңғы буынның аманаты мен өзіндік ар алдында біз – осы ел­ге, осы жерге әрдайым қарыздар­мыз!

Ендеше жанымыздағы жа­қын жан­дарға алғыс айтудан жалық­пайық.

Лайым, бірлік жолында бір сапқа тұру­дан жаңылмайық.

 

Арзу ГУРБАНОВА,

Шымкент қаласы Әзербайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары

Бөлісу:
Бейбіт дәуірге жеткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар