Аймақтар
1 мин оқу 183

Ауқымды жобалар жүзеге асады

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев&shy;тың &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; бағ&shy;дарламасы аясында Шым&shy;&shy;кентте ауқымды жо&shy;&shy;балар жүзеге асады. Со&shy;лар&shy;дың бірі ретін&shy;де қа&shy;ла&shy;мыз&shy;дағы тарихи орын&shy;дар&shy;дың ин&shy;фра&shy;құры&shy;лымы жаңар&shy;ты&shy;лып, туристер барлық орын&shy;ға саяхат жасай алады.</p>

Ауқымды жобалар жүзеге асады

Бұл туралы ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы бо­йын­ша «Рухани жаң­ғыру» жо­балық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Орал­баева ай­тып өтті.

Сондай-ақ былтыр үшінші мега­полисте «Туған жер» жобасы бо­йынша 5-7-сынып оқушыларына арналған «Өлкетану», «Өлкетану хрес­томатиясы» кітаптары жа­рық көрген. Бүгінде қаладағы білім ұя­ларында оқушылар осы оқулықтан нәр алып, туған өлке тарихымен танысуда.

Ал аталған бөлім тарапынан «Кітап оқып, рухани бай бол!» бай­қауы, республикалық «Тұл­пар мініп, ту алған!» батырлар жырын жатқа айтуға арналған байқауы ауқымды түрде өткізіліп келеді.

«Қаламызда өткен жылы «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасы аясында 742-ге жуық түрлі іс-шара ұйым­дастырылды», деді Зәуре Оралбаева.

Жылдың басты іс-шарасы ре­тінде алда келе жатқан Наурыз мере­кесінде Шымшаһарда ТМД елдерінің мәдени астанасы жы­лының ашылу салтанаты өтеді. Онда Этноауыл ашылып, қоғамдық және мәдени демалыс орындарында қазақтың халық әндері мен күйлері орындалмақ.

Мұнан бөлек, әл-Фарабидің – 1150, Абайдың 175 жылдық мерейтойы танымдық, тәрбиелік мақ­­сатта жоғары деңгейде атап өтілмекші.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Ауқымды жобалар жүзеге асады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар