Қоғам
1 мин оқу 240

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

<p style="text-align: justify;">Елорда мен республиканың бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК хабарлады.&nbsp;</p>

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, 3 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман болады.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы – 85-90 пайыз. Көкшетауда түнде және таңертең тұман сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. 3 наурыздаТүркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болады. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Бөлісу:
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар