Хоккей
1 мин оқу 175

Гагарин кубогын жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы аясында сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы алғашқы ойынын &laquo;Ба&shy;рыс Аренада&raquo; Магнитогордың &laquo;Ме&shy;таллург&raquo; командасына қарсы өт&shy;кізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.</p>

Гагарин кубогын жеңіспен бастады

Бірінші кезеңнің 14-минутында сан ба­сымдығына ие болған жерлестерміз есепті ашты. Шайба авторы – Кертис Волк. Екінші ке­зеңде де жерлестеріміз тағы бір шайба соғуға мүмкіндік алды. Бұл жолы Атте Охтамаа мергендігімен көзге түсті.

Үшінші кезеңнің аяқта­луына екі минут қалғанда «Металлург» командасының бас бапкері қақпашының орнына мұзайдынға алтыншы ойыншыны шығарған болатын. Қарымта шабуылды сәтті пайдаланған «Барыс» хоккейшісі Ииро Пакаринен бос қалған қақпаны дәл көздеді. Ал 60-минутта команда капитаны Даррен Диц кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:0.

Екі команда арасындағы екінші ойын бү­гін де «Барыс Аренада» өтеді. Қарымта матч 5 және 7 наурызда Магнитогорде өтеді.

Бөлісу:
Гагарин кубогын жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар