Аймақтар
1 мин оқу 365

Дарынды Дархан, үздік Ұлан

<p style="text-align: justify;">Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары Ұлан Талғатов пен Дархан Оралхановтар &laquo;Ұлы даланың &ndash; Ұлы Абайы&raquo; атты республикалық балалар өнер байқауында 1-ші орынды жеңіп алды, деп хабарлады аталмыш мектептің баспасөз қызметі.</p>

Дарынды Дархан, үздік Ұлан

«Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми - әдістемелік журналы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырған доданың «Аспапта ойнау» аталымында Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін шәкірттеріміз екі дауыста орындап шықты.

-Дәстүрлі байқау балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, 7 жанр бойынша өткізілді. Ұлан мен Дархан мектебіміздегі талантты шәкірттердің қатарынан. Бір атап өтерлігі – олардың екеуі де домбырада ойнауды білмейтін. Азғана уақыттың ішінде бірнеше күйді үйреніп, тіптен байқауларға қатысатын дәрежеге жетті. Осының барлығы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі желілік «100 күй» жобасының жемісі, - дейді домбыра үйірмесінің мұғалімі Мадияр Аширов.

Байқаудың 1-ші орын жүлдесін жеңіп алып, лауреат атанған қос домбырашы бұнымен тоқтамақ емес. Енді олар Алматы қаласында мамыр айында өтетін өнер бәйгесінің ақтық кезеңіне қатысып, бақтарын сынамақ.

Семей

Бөлісу:
Дарынды Дархан, үздік Ұлан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар