Аймақтар
1 мин оқу 1,164

Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстары басталады

<p style="text-align: justify;">Жыл сайын облыс әкімдігінің қаулысымен елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру іс-шаралар айлығы жүргізіледі.</p>

Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстары басталады

2019 жылы айлық барысында  46 350 адам қатысып,  12 435  тонна қалдық шығарылды. 2019 жылдың 27 шілдесінен бастап Қазақстан бойынша өткізілген «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында 400 тоннадан астам қоқыстар жинақталып, арнайы орындарға тасып шығарылды. Жыл сайын «Таза жағалау» акциясы жүргізіледі. 2019 жылы облыста барлығы 31 613 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

-Көктем айы басталысымен тазалық жұмыстары қолға алынады. Тазалық, қоршаған ортаның ластанбауы – денасулық кепілі. Сондықтан, тазалық, абаттаныдру, көгалдандыру мәселесін әрбір жекелеген тұрғын міндетім деп санап, тазалықты өзінен, өз ауласынан бастаса деп ойлаймыз. Бұл қоғамғ ажасалған, түптеп келгенде өзімізге, ұл-қыздарымызға жасалған қамқорлық болып шығар еді, дейді  Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Е. Əділбаев.

Маңғыстау облысы

Бөлісу: