Спорт
1 мин оқу 270

Дзюдодан Рабат гран-приі өтпейтін болды

<p style="text-align: justify;">Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.</p>

Дзюдодан Рабат гран-приі өтпейтін болды

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес рейтингілік турнир 6-8 наурыз күндері өтуі тиіс еді.

Марокко үкіметі коронавирус эпидемиясының таралуының алдын алу мақсатында елде болатын барлық қоғамдық іс-шаралар мен спорттық шараларды уақытша тоқтатты.  Аталған додаға қатысу үшін әлемнің 94 елінен 561 дзюдошы тіркелген болатын. 

Бөлісу: