Аймақтар
1 мин оқу 224

Елордалық мектептерге вирустық аурулардың алдын алу шараларын қабылдауға кеңес берілді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының басшылығына вирустық аурулардың алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігі ескертілді. Сонымен қатар, қала әкімдігі ата-аналарды ресми хабарламаларды қадағалап, әлеуметтік мессенджерлерде жалған ақпарат таратпауға шақырады.</p>

Елордалық мектептерге вирустық аурулардың алдын алу шараларын қабылдауға кеңес берілді

«Қазіргі уақытта Білім басқармасы балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпшілікке арналған мектепішілік іс-шаралар мен қалалық мәдени шараларға қатысуды шектеуге кеңес береді. Сондай-ақ әлеуметтік желі чат-боттарында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды, атап айтқанда бөлмені желдету, ылғалды тазарту, су ішу режимін сақтау керек», - дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде таратылған білім беру мекемелеріндегі барлық мерекелік іс-шаралар болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бөлісу: