Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып Мәлгаждар Тәткеев тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 2020 жылғы 2 наурыздағы өкіміммен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Мәлгаждар Саттарұлы 1960 жылы бұрынғы Көкшетау облысында туған. Жоғары білімді. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты.
1983 жылдары құқық қорғау органдарында қызмет істеді.
2012 - 2013 жылдары Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы.
2013-2014 жылдары Зеренді ауданының әкімі, 2014 жылдың қыркүйегінен бастап, бүгінгі күнге дейін Целиноград ауданының әкімі қызметінде болды.